Өңірлер

Ақтөбеде банк менеджері шоттағы 777 млн теңгені ұрлап кетті

© Photo : Pixabay / councilcleПернетақта
Пернетақта - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде банк менеджері акционерлік қоғамның шотындағы 777 миллион теңгені ұрлап кетті. Ақтөбе қаласының №2 сотында іс бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Банк менеджеріне алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сотта сотталушы өз кінәсін ішінара мойындады, бірақ келтірілген шығын мөлшерімен келіспеген.
Сотталушының кінәсі сот-экономикалық сараптама қорытындысымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.
Прокурор сотталушыны 10 жыл мерзімге банк саласында қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жыл 8 айға соттауды сұрады. Сотталушының кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдетті.
Менеджер Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдағы 10 жылда банк секторында қызмет атқара алмайды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Қоғам
Ұлттық банк қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Жаңалықтар
0