Amanat партиясы президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды

© Sputnik / Владислав ВодневAmanat партиясының елордадағы кеңсесі
Amanat партиясының елордадағы кеңсесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Amanat партиясы алдағы президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Бұл туралы мәжіліс спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен сайлауға қатысатын лайықты кандидатты қолдайдым. Өздеріңіз сезіп отырған шығарсыздар, ашық айтайын, бұл Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Келесі сайлауға баратын болса, сол кісінің кандидатурасын мен қолдаймын. Ал енді Қасым-Жомарт Кемелұлы Amanat партиясынан бара ма немесе басқа ұйымдардан бара ма, оны өзі шешеді", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Кезінде Amanat партиясы "біз президенттің қоғамдық тірегіміз" деп жариялады. Сондықтан біз әрқашан президентті қолдаймыз, деп жалғастырды сөзін мәжіліс төрағасы.
Осы орайда Қошанов өзі президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді.
"Мен ешбір сайлауға қатыспаймын. Биылғы сайлауға да, бұдан кейінгі сайлауға да. Ресми түрде сіздерге мәлімдеймін: мен қатыспаймын", - деді спикер.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Әзірге саяси доданың қашан өтетіні белгісіз. Тиісті жарлық шыққан жоқ.
Жаңалықтар
0