Қоғам

Қазақстаннның солтүстігінде жылу беру маусымы қыркүйектің соңында басталады

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиБатарея
Батарея - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
Смайылов өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік өңірлерде жылу беру маусымын қыркүйектің соңында бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, халыққа жылу уақытымен беріліп, көмір жеткізуге байланысты проблема болмауға тиіс. Көмір тапшылығы жыл сайын қайталанатын үйреншікті жағдайға айналып барады. Көмірге деген ұзын-сонар кезек, бағаның күрт өсуі, уақытында жеткізілмеуі, өңірлерде көмір қорын дер кезінде жинап алмау – осының барлығы халықтың наразылығына алып келеді.
"Бұған жол беруге болмайды. Жылыту маусымына дейін аз ғана уақыт қалды. Солтүстік өңірлерге суық ерте түседі. Сондықтан жылыту маусымын қыркүйектің соңында бастау жоспарланған. Демек, дайындық жұмыстарын барынша тездету қажет", - деді премьер-министр үкімет отырысында.
Смайылов өңір әкімдеріне бірқатар тапсырма берді:
Бірінші – барлық жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау.
Екінші – 1-ші қазанға дейін барлық жылу электр орталығы мен дербес жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету. Отын тапшылығына жол бермеу үшін көмір жеткізушілермен белсенді байланыс жасап, тұрақты мониторинг жүргізіп отыру қажет.
Үшінші – кәсіпорындардың газ бен көмір үшін, ал тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін өтеу бойынша жұмысты күшейту.
Смайылов жылыту маусымына дайындық мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0