Шымкентте есірткі курьері болған қыз екі жылға сотталды

© AFP 2024 / FRENCH CUSTOMSГероин, архивное фото
Героин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласы Абай аудандық сотында Түркістан облысының 20 жасар тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Ол Шымкент қаласының аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз иемденіп, оны өзімен сақтап, тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.
Аталған азаматша "Telegram" интернет қосымшасындағы парақшалардың бірінде "курьер" ретінде жұмысқа тұрып, интернет-ботпен хат жазысқан. Ол заңмен тыйым салынған заттарды иемденіп, оны өзімен сақтап, тасымалдап, Шымкент қаласы аумағындағы жасырын орындарға қалдырып жүрген.
Кезекті шығуы барысында ол полиция қызметкерлерімен ұсталып, оның өзінде болған жалпы 36 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары тәркіленген. Сонымен қатар, ол жасырын орындарға тығып үлгірген жерлерден тағы 2 дана қара түсті изолентаға оралған есірткі заттары алынған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты синтетикалық психотпропты мемкатинонның аналогы – мефедрон екендігі анықталып, жалпы салмағы 39,831 граммды құраған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген.
Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, сот жас қызға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану қажет деп санап, оны уақытша қоғамнан оқшаулауға шешім қабылдаған.
Жаңалықтар
0