Шымкентте кәсіпкерлер 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сатқан

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуМазут
Мазут - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Шымкентте Қаржы мониторингі агенттігі департаментінің қызметкерлері 1,1 миллиард теңгеден астам сомаға 8 мың тоннаға жуық мазутты заңсыз сату фактісін анықтады.
Ведомствоның ақпараты бойынша, екі кәсіпкер белгісіз тұлғалардан мазут сатып алып, кейін олардың қайдан алынғанын растайтын құжатсыз түрлі компанияларға заңсыз сатқан.
Сот үкімімен бұл тұлғалар кінәлі деп танылды. Олар 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0