https://sputnik.kz/20220906/qostanay-oblysyndagy-ortti-bugin-erten-oshiremiz--ministr-27319970.html
Қостанай облысындағы өртті бүгін-ертең өшіреміз – министр
Қостанай облысындағы өртті бүгін-ертең өшіреміз – министр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облыындағы өртті бір-екі күнде өшіреміз. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды... 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T09:44+0500
2022-09-06T09:44+0500
2022-09-06T09:45+0500
қостанай
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252806_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_14ef684945b2ed161b139a4162132556.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облыындағы өртті бір-екі күнде өшіреміз. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін өрт сөндіру шаралары бес учаскеде - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Калинино және Бағаналы ауылдарына жақын жердегі орманда жүргізілген. Өрт жиегінің жалпы ұзындығы 5 шақырым болды. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Бағаналы ауылына қауіп төніп тұрған жоқ. Аманқарағай жақта өрттің өршіп кету қаупі әлі де сақталып отыр. Тілсіз жау өткен кейбір жерлерде қайтадан су шашу қажет. Ал Лесное мен Озерное арасындағы орманда өрт өшірілді. Орман шаруашылығы мамандары шоқтарды өшіріп жүр. "Қазіргі жұмыс қарқынымен бүгін-ертең өртті ауыздықтаймыз деп ойлаймын. Жақын арада толығымен өшіріп, орман шаруашылығы мамандарын ғана қалдырамыз", - деп атап көрсетте Ильин.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252806_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7b44ef53afd6541d12f99593bf6eb0bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай, өрт
Қостанай облысындағы өртті бүгін-ертең өшіреміз – министр
09:44 06.09.2022 (жаңартылды: 09:45 06.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облыындағы өртті бір-екі күнде өшіреміз. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін өрт сөндіру шаралары бес учаскеде - Аманқарағай, Лесное, Озерное, Калинино және Бағаналы ауылдарына жақын жердегі орманда жүргізілген. Өрт жиегінің жалпы ұзындығы 5 шақырым болды.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Бағаналы ауылына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Біз төрт тікұшақты Қазанбасы мен Бағаналы жаққа ауыстыруға шешім қабылдадық. Негізгі мақсат – өрттің жоғары қарай шығып кетпеуіне жол бермеу. Ол жақта өрт тараған жердің аумағы көп емес, ондаған гектардай болады. Сондықтан бүгін ол ошақты өшіруге тиіспіз", - деді Ильин журналистерге берген сұхбатында.
Аманқарағай жақта өрттің өршіп кету қаупі әлі де сақталып отыр. Тілсіз жау өткен кейбір жерлерде қайтадан су шашу қажет. Ал Лесное мен Озерное арасындағы орманда өрт өшірілді. Орман шаруашылығы мамандары шоқтарды өшіріп жүр.
"Қазіргі жұмыс қарқынымен бүгін-ертең өртті ауыздықтаймыз деп ойлаймын. Жақын арада толығымен өшіріп, орман шаруашылығы мамандарын ғана қалдырамыз", - деп атап көрсетте Ильин.