Экономика

Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі.
"Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Заңына өзгерістер енгізіледі", - деді Қуантыров үкімет отырысында.
Сондай-ақ жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.
Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданады.
"Самұрық-Қазына" қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталады.
Барлық шара президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.
Жаңалықтар
0