Саясат

Президент Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

© Sputnik / Александр Юрьев / Медиабанкке өтуБейжің қаласы
Бейжің қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
Ол табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тіледі
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын", - деді президент.

Ол табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тіледі.
Қытайдың сыртқы істер министрі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2022
Саясат
Қытай министрі Тоқаевқа: Си Цзиньпин сізбен арадағы жеке достықты жоғары бағалайды
Жаңалықтар
0