https://sputnik.kz/20220906/ort-qaru-zharaq-duken-direktor-27335088.html
Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкенінің директоры елордадағы ауруханаға жеткізілді
Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкенінің директоры елордадағы ауруханаға жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр. Денесінің 50%-ін күйік шалған 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T17:08+0500
2022-09-06T17:08+0500
2022-09-06T17:08+0500
өңірлер
қостанай
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252117_0:236:1080:844_1920x0_80_0_0_70558518ce2e923f6a575bf2a202786d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай қаласында қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккен директор елордадағы ауруханаға ауыстырылды.Бұл туралы "Костанайские новости" басылымы облыстың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.Дүкендегі өрттен жапа шеккен пациент санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді ауруханаларының біріне жеткізілген.Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Денесінің елу пайызын күйік шалған.Еске салсақ, өткен демалыста Қостанай қаласында "Оружейная палата" дүкенінде жарылыс болып, артынша өртке ұласты. Ғимараттың шатыры мен қабырғалары құлаған, дүкен толығымен жанып кетті.Төтенше жағдай салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алған. Денесі күйген дүкен директоры ауыр хәлде Қостанайдағы қалалық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.
қостанай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252117_0:135:1080:945_1920x0_80_0_0_d5c6559cb7bc3e3a498135501bd338b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай
Қостанайдағы өрт: қару-жарақ дүкенінің директоры елордадағы ауруханаға жеткізілді
Пациенттің жағдайы тұрақты ауыр. Денесінің 50%-ін күйік шалған
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қостанай қаласында қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс пен өрттен зардап шеккен директор елордадағы ауруханаға ауыстырылды.
Бұл туралы
"Костанайские новости" басылымы облыстың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Дүкендегі өрттен жапа шеккен пациент санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласының көпбейінді ауруханаларының біріне жеткізілген.
Қазір жағдайы тұрақты ауыр. Денесінің елу пайызын күйік шалған.
Еске салсақ, өткен демалыста Қостанай қаласында "Оружейная палата" дүкенінде жарылыс болып, артынша өртке ұласты. Ғимараттың шатыры мен қабырғалары құлаған, дүкен толығымен жанып кетті.
Төтенше жағдай салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алған. Денесі күйген дүкен директоры ауыр хәлде Қостанайдағы қалалық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын.