https://sputnik.kz/20220906/ministr-qysta-petropavl-turgyndary-zhylusyz-qalmaytynyna-sendirdi-27326793.html
Министр қыста Петропавл тұрғындары жылусыз қалмайтынына сендірді
Министр қыста Петропавл тұрғындары жылусыз қалмайтынына сендірді
Sputnik Қазақстан
Биыл наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлап, қала тұрғындары жылусыз қалған еді 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T13:00+0500
2022-09-06T13:00+0500
2022-09-06T13:00+0500
өңірлер
петропавл
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/06/25356711_0:236:1080:844_1920x0_80_0_0_bb70878add4c09731e63158e6ef45b22.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавл тұрғындары биыл қыста жылусыз қалмайтынына сенімді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Үкімет кулуарында журналистер министрден "Петропавл ЖЭО-дағы апатқа байланысты биыл қыста Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жылусыз қалмайтынына кепілдік бере аласыз ба?" деп сұрады. Еске салсақ, осы жылы 20 наурызда Петропавл қаласында екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Үйінді арасынан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Қазандықты бақылауға жауап берген. ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Кейінірек апат болған Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстарына 17,5 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған еді.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/06/25356711_0:135:1080:945_1920x0_80_0_0_365d829cdbf4c8395c497f50aa5cb40d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, жылу электр орталығы
петропавл, жылу электр орталығы
Министр қыста Петропавл тұрғындары жылусыз қалмайтынына сендірді
Биыл наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы құлап, қала тұрғындары жылусыз қалған еді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавл тұрғындары биыл қыста жылусыз қалмайтынына сенімді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден "Петропавл ЖЭО-дағы апатқа байланысты биыл қыста Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жылусыз қалмайтынына кепілдік бере аласыз ба?" деп сұрады.
"Бір нәрсеге кепілдік бере аламын: біз жылу болуы үшін қолдан келгенді аянып қалмаймыз. Жыл басында, апат болған кезде қабылданған шешімге сәйкес, қазір жоспар бойынша келе жатырмыз. Биыл еш іркіліссіз, ойдағыдай өтеміз деген сенімділік бар", - деп жауап берді Ақшолақов.
Еске салсақ, осы жылы 20 наурызда Петропавл қаласында екінші жылу электр орталығының мұржасы құлады. Үйінді арасынан 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Қазандықты бақылауға жауап берген.
ЖЭО-ның құлаған мұржасы 1961 жылы пайдалануға берілген. Кейінірек апат болған Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалпына келтіру бойынша жол картасы әзірленді. Энергетика министрлігі жөндеу жұмыстарына 17,5 млрд теңге жұмсалатынын хабарлаған еді.