https://sputnik.kz/20220906/aurukhana-ush-balanyn-anasy-zhanturshigerlik-oqiga-27325428.html
"22 рет пышақтады": ауруханада жатқан үш баланың анасы жантүршігерлік оқиғаны баяндады
"22 рет пышақтады": ауруханада жатқан үш баланың анасы жантүршігерлік оқиғаны баяндады
Sputnik Қазақстан
Жәбірленуші адамды қасақана өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істі қозғауды талап етіп отыр 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T13:38+0500
2022-09-06T13:38+0500
2022-09-06T14:14+0500
қоғам
зорлық-зомбылық
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны бұрынғы әйеліне 22 пышақ жарақатын салған.Бұл туралы "НеМолчиKz" қоғамдық қорының жетешісі Дина Таңсәрі хабарлды.Қорға хабарласқан 36 жастағы келіншек кәмелет жасқа толмаған үш қызды тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Күйеуімен 17 жыл тұрған. Айтуынша, 19 мамырда соттың шешімімен ерлі-зайыптылар ажырасты. Бір айдан кейін ер адам бұрынғы әйеліне тап беріп, тұншықтырып тастай жаздады. Үш баланы анасы арыз жазды. Сол кезде полиция басбұзарды есепке қойып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салды. "3 қыркүйекте анам екеуіміз бұрынғы үйге заттарды алып кетуге барғанбыз. Ол кіріп келіп, пышақты алып шықты. Содан анамның көзінше 22 пышақ жарақатын салды. Пышақ үш рет ішіме кіріп кетті, өкпеге және бауырға тиді. Дәрігерлердің арқасында ғана аман қалдым. Кеше ғана жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды", - дейді келіншек. Оның ойынша, бұрынғы күйеуінің туыстары жазаны барынша жеңілдетуге тырысады. Оған "ақшасы да, таныстары" жетеді. Жәбірленуші адамды қасақана өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істі қозғауды талап етіп отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған фотода әйелдің қатты жарақат алғаны көрініп тұр. Алматы облыстық прокуратурасы желіде жарияланған жазба бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі шаралар басталды. Күдікті қамауға алынды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, алматы облысы
зорлық-зомбылық, алматы облысы
"22 рет пышақтады": ауруханада жатқан үш баланың анасы жантүршігерлік оқиғаны баяндады
13:38 06.09.2022 (жаңартылды: 14:14 06.09.2022) Жәбірленуші адамды қасақана өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істі қозғауды талап етіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны бұрынғы әйеліне 22 пышақ жарақатын салған.
Бұл туралы
"НеМолчиKz" қоғамдық қорының жетешісі Дина Таңсәрі хабарлды.
Қорға хабарласқан 36 жастағы келіншек кәмелет жасқа толмаған үш қызды тәрбиелеп отырғанын жеткізді. Күйеуімен 17 жыл тұрған.
"Бірақ соңғы екі жылда өзгеріп кетті, ақылынан адасқан сияқты. Ішеді, жанжал шығарады, үнемі мені кемсітеді, артымнан аңдиды, қорқытады. Ал 2022 жылы 2 ақпанда себепсіз соққыға жықты. Мылтықпен де атты. Абырой болғанда енем мылтықты қағып үлгерді, оқ қабырғаға тиді. Сонда мен полицияға арыз жазған жоқпын. Бірақ бірден ажырасуға арыз бердім", - деп жазды ол.
Айтуынша, 19 мамырда соттың шешімімен ерлі-зайыптылар ажырасты. Бір айдан кейін ер адам бұрынғы әйеліне тап беріп, тұншықтырып тастай жаздады. Үш баланы анасы арыз жазды. Сол кезде полиция басбұзарды есепке қойып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салды.
"3 қыркүйекте анам екеуіміз бұрынғы үйге заттарды алып кетуге барғанбыз. Ол кіріп келіп, пышақты алып шықты. Содан анамның көзінше 22 пышақ жарақатын салды. Пышақ үш рет ішіме кіріп кетті, өкпеге және бауырға тиді. Дәрігерлердің арқасында ғана аман қалдым. Кеше ғана жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды", - дейді келіншек.
Оның ойынша, бұрынғы күйеуінің туыстары жазаны барынша жеңілдетуге тырысады. Оған "ақшасы да, таныстары" жетеді.
Жәбірленуші адамды қасақана өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істі қозғауды талап етіп отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған фотода әйелдің қатты жарақат алғаны көрініп тұр.
Алматы облыстық прокуратурасы желіде жарияланған жазба бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында болған. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі шаралар басталды. Күдікті қамауға алынды.