АҚШ Тайваньда әскери іс-қимылды арттыруы мүмкін

© AP Photo / Mass Communication Specialist 2nd Class Markus CastanedaВоеннослужащий ВМС США. Архивное фото
Военнослужащий ВМС США. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
Қарсы шабуылдың сәтсіз аяқталуы, Запорожье атом электр станциясына шабуыл жасауға тырысқан сарбаздың өлімінен кейін Батыс елдері жоспарды қайта қарауға мәжбүр болды, деп жазды РИА Новости.
"Батыс ресейлік әскери-теңіз қуатын жете бағаламай отыр", - деп жазды АҚШ әскери-әуе күштері министрі орынбасарының бұрынғы көмекшісі, отставкадағы флот офицері Сет Кропси. Ол өз флотын тұрақты жетілдіріп, базаларын күшейьіп жатқан Ресей Үнді-Тынық мұхитындағы АҚШ коалициясына қысым көрсетуге қауқарлы екенін айтты.
Әскери аналитиктің ауқымды мақаласы Гонконгта тіркелген Asia Times интернет-ресурсында жарияланды. Кропси украин қақтығысында ресейлік әскери-теңіз күштері кез келген басқа қарулы күштер құралына қарағанда аз шығынға батқанына кейістік танытып, Ресеймен Тынық мұхитында қақтығысқа басымдық беру арқылы жағдайды түзетуге кеңес берді. Оның ойынша, Қиыр Шығыста ресейлік флотқа қауіп-қатер ұйымдастыру Украинада арнайы әскери операция жүргізуге қатысты жағдайды күрделендіруі керек.
"Бұл мәселеге Украинаның ешқандай қатысы жоқ екені түсінікті. Нағыз проблема Ресейдің арнайы әскери операциясы Вашингтонның Қытайға қарсы ауқымды арандатушылық жоспарына кедергі болуында жатыр. Бір жыл бұрын америкалық истеблишмент Ресей мен Қытайды тежеу бойынша өз жоспарын ашық талқылады. Бірақ сарапшылар қауымы Америка қос тарапта соғыс жүргізуге қауқары жетпейтініне бір ауыздан келісті", - деп жазылған мақалада.
Мақала авторының пікірінше, америкалықтар украиндердің арқасында Ресейге қарсы соғыс ашып, орыстарды аз уақыттың ішінде жеңуді, одан соң Қытайға қарсы тайваньдықтарды арандатып, қытайлар жеңілген соң, әлемдегі үстемдікті арттыруды көздеген. Бірақ, бұл жоспар түбегейлі өзгеріске ұшырады. Америкалықтар НАТО-ның аауқымды әскери көмегіне қарамастан, Украинаның Ресейді жеңуі екіталай екенін жазға қарай түсінді.
The Washington Post басылымы америкалықтардың шетелдік интервенцияларға қатысты скептиктік көзқарастарына қарамастан, АҚШ біруақытта Қытай мен Ресейге қарсы тұра алатынын жазды. Бірақ қазір Ресей мен Қытай өз тарихтарындағы ең тату қарым-қатынасты бастан өткізіп жатыр. Бұл тек сауда мен саяси өзара әрекеттестікті емес, сондай-ақ, бірлескен тұрақты оқу-жаттығуларды да қамтып отыр. Оның қатарында Жапон теңізі сынды әлеуетті шиеленіс орындары да бар.
Ал Ресей мен Қытайдың ортақ әскери әлеуеті туралы айтпаса да түсінікті. Ресейдің ресурсы мен технология және қытайлардың өнеркәсіптік өндірісі әскери әлеуетті үздіксіз толықтыруға мүмкіндік береді.
Америкалық әскери аналитиктер қос ел армиясының жаппай модернизациялануы АҚШ басымдылығын жоққа шығарып отырғанын айтты. Бейжің мен Мәскеудің арасында ресми одақтастық болмағанымен, бұл екі мемлекетті қауіпсіздік, байланыс, энергетика және экономика саласындағы ортақ мүдделер, сондай-ақ АҚШ жетекшілік етіп отырған қазіргі әлемдік тәртіпке деген теріс көзқарас байланыстырып тұр. Тағы бір америкалық аналитик Ресей мен Қытай ядролық қару-жарақ өнеркәсібі бойынша АҚШ-тан озып кеткенін жазды.
"Енді Қиыр Шығыста не болуы мүмкін? Біріншіден, ақпараттық соғыс. Англосаксондық БАҚ Ресей Тынық мұхиты өңірінде бір жаққа басып кіріп жатқаны, біреулерге қысым көрсетіп жатқаны туралы дамылсыз ақпарат таратады. Ресей мен Қытай флоттарының оқу-жаттығуларының барлығы осы тектес жаңалықпен сүйемелденетіні белгілі. Екіншіден, америкалықтар Тайвань бұғазында іс-қимылға араласып, арандатушылық әрекетке көшеді. Жаңа ғана Мемлекеттік департамент Тайваньға америкалық қару-жарақ жеткізуді мақұлдады. Мәміле сомасы бір миллиард доллардан асады", - деп жазды мақала авторы.
Үшіншіден, америкалықтар Ресей шекарасына жақын маңда ауқымды оқу-жаттығулар ұйымдастыруы мүмкін. Сондықтан АҚШ тез арада Тайваньға жақын маңнан жаңа майдан шебін құруының ықтималдылығы жоғары.
Жаңалықтар
0