Аманқарағай тұрғыны эвакуация кезінде жоғалып кетті

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтуАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. "Барыс" іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағай ауылындағы эвакуация кезінде жоғалған ер адам туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Алау
Ақпаратқа сәйкес, Валерий Головач 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылында эвакуация жүргізіліп жатқан кезде жоғалып кеткен.
"Соңғы рет кешкі жеті шамасында байланысқа шыққан, оның одан әрі қайда екені белгісіз. Белгілері: маңдайында тыртық бар, қасқа бас. Үстінде көк футболка мен сұр шалбары болған", - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы Әулиекөл ауданында осымен бірнеше тәулік орман өрті сөндіріліп жатыр. Өрт салдарынан 11 адам жарақат алып, бір адам көз жұмды.
Жаңалықтар
0