https://sputnik.kz/20220906/almatyda-studentterdin-dalada-qonyp-zhur-27314904.html
Алматыда студенттер далада түнеп жүр: министрлік түсініктеме берді
Алматыда студенттер далада түнеп жүр: министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. "Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік... 06.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-06T07:03+0500
2022-09-06T07:03+0500
2022-09-06T07:03+0500
студенттер
алматы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/17/15815041_0:162:3065:1886_1920x0_80_0_0_22c78e429a13cf4babc1cab2ad52b267.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. "Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді.Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды.БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады."Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.Айта кету керек, ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/17/15815041_168:0:2897:2047_1920x0_80_0_0_3eaa65abba26f11b25522d8ca95546f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студенттер, алматы
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. "Алматыдағы студенттер далада қонып жүр" деген сарындағы хабарламалар соңғы күндері бірқатар ақпараттық сайт пен әлеуметтік желіде тараған еді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын хабарлайды.
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады.
"Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кету керек, ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болады. Ол жағдайды тікелей бақылауында ұстайды.