Оқиға

Алматыда автобус өртеніп кетті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Алматы Алматыда автобус өртенді
Алматыда автобус өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Жазылу
Өрт сөндіру қызметі жеткенше автобустың іші түгел дерлік жанып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Бүгін таңертең Алматы көшелерінің бірінде жүріп келе жатқан автобус өртенді.
Таңғы сағат 08:30 шамасында Саин көшесінің бойында Шаляпин және Жандосов көшелерінің аралығында келе жатқан N 38 бағдарлы автобус өртеніп кетті.
© Photo : Пресс-служба ДЧС Алматы Алматыда автобус өртенді
Автобус горел на перекрестке улиц Саина и Шаляпина  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2022
Алматыда автобус өртенді
"Сағат 08:27-де Әуезов ауданы, Саин көшесі, Шаляпин көшесінің қиылысы мекенжайында бағдарлы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер жедел аттанды. Келген бойда 38 автобустың өртенгені анықталып, оны сөндіру үшін көбікті қоспа қолданылды. Сондый-ақ, автобус конструкциясын салқындату үшін қосымша көбік пайдаланылды", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер жарты сағаттан аз уақыт ішінде өртті толық сөндірді.
Қалалық ТЖД төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Өрт шыққан автобустан жүргізуші мен жолаушылар өз беттерінше шығып үлгерген.
Өрттің шығу себебі өрт-техникалық сараптама барысында анықталады.
Жаңалықтар
0