Түркістандық полицей ер адам мен бес жасар баланы ажалдан аман алып қалды – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Түркістанда учаскелік полиция инспекторы өрт шыққан пәтерден мүмкіндігі шектеулі ер адам мен 5 жасар қызды құтқарған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өрт орын алған пәтердің ішіне полиция капитаны Олжас Ерсұлтанов кіріп, үйде төсек тартып жатқан мүгедек ер адам мен 5 жас шамасындағы қыз баланы құтқарып алып шықты. Содан кейін полиция қызметкері өрт сөндірушілер келемін дегенше тұрғын үйдегі өртті жалғыз өзі сөндірді.
Бұған куә болған тұрғындар полицейге алғыс білдіріп, департаментке хат жолдады. Олар Ерсұлтановтың ерен еңбегін бағалап, оны марапаттауды сұрады.
Жаңалықтар
0