Тараз қаласының әкімі тағайындалды

© Акимат Жамбылской областиЖамбыл облысы әкімдігі
Жамбыл облысы әкімдігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik.Тараз қаласының әкімі қызметіне Бақытжан Орынбеков тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
51 жастағы Бақытжан Әмірбекұлы Тараз мемлекеттік университетінде "Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" және "Тау-кен ісі" бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы "Заман" фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары "Делдал" жеке кәсіпорны директорының орынбасары, "Жамбыл-Құпарлылық" АҚ-ның механигі, "Шығыс Таңы" сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС-нің бас директоры, "Тараз көлік жолы" ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның "Сауда-көлік компаниясы" ЖШС-де және "Волковгеология" АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
2016-2017 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары;
2017-2018 жылдары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары;
2018-2021 жылдары "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен өндіру компаниясы" АҚ-да департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі;
Жамбыл облысының мәслихаты Бақытжан Орынбековтың кандидатурасын қолдады.
Айта кетері, Тараз қаласының бұрынғы әкімі Ержан Жылқыбаев тамыздың басында қызметінен кетті. Ол қаланы бір жылдан астам уақыт басқарды.
Жаңалықтар
0