https://sputnik.kz/20220905/qazaqstan-resey-dizel-otyny-import-27288565.html
Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды
Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан көрші Ресейден 100 мың тоннаға дейін дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов... 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T12:08+0500
2022-09-05T12:08+0500
2022-09-05T12:08+0500
қазақстан
ресей
дизель отыны
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834973_0:0:3436:1933_1920x0_80_0_0_9d30860bcb50bc3520442ad141f5190b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан көрші Ресейден 100 мың тоннаға дейін дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазмұнайгаз" компаниясы қыркүйек-қазан айларында дизель отынының қажетті көлемін импорттау туралы келісімшартқа қол қойған. Дизель отыны екі партиямен жеткізіледі. "Ресей Федерациясынан 100 мың тоннаға дейін дизель отынын жеткізу жоспарланып отыр. Қажеттілік туындаған жағдайда Ресейден дизель отынын, сондай-ақ әуе керосинін импорттау мүмкіндігі әу бастан қарастырылған болатын. Қазір тиеу жұмыстары басталды. ҚазМұнайГаз осы мәселемен тікелей айналысып жатыр. Жуық арада бірінші партия әкелінеді деп күтіп отырмыз", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуынша, 2022 жылға арналған дизель отынын тұтыну болжамы 5,472 миллион тоннаны құрайды. Бұл 2020 жылға қарағанда 500 мың тоннаға және 2021 жылға қарағанда 90 мың тоннаға артық. Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 миллион тоннаны құрайды. Бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық. Сегіз айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17834973_556:0:3287:2048_1920x0_80_0_0_cfe0a2d697cb46602e98a25a5dcf93b3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, дизель отыны
қазақстан, ресей, дизель отыны
Қазақстан Ресейден 100 мың тонна дизель отынын импорттайды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан көрші Ресейден 100 мың тоннаға дейін дизель отынын импорттайды. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазмұнайгаз" компаниясы қыркүйек-қазан айларында дизель отынының қажетті көлемін импорттау туралы келісімшартқа қол қойған. Дизель отыны екі партиямен жеткізіледі.
"Ресей Федерациясынан 100 мың тоннаға дейін дизель отынын жеткізу жоспарланып отыр. Қажеттілік туындаған жағдайда Ресейден дизель отынын, сондай-ақ әуе керосинін импорттау мүмкіндігі әу бастан қарастырылған болатын. Қазір тиеу жұмыстары басталды. ҚазМұнайГаз осы мәселемен тікелей айналысып жатыр. Жуық арада бірінші партия әкелінеді деп күтіп отырмыз", - деді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, 2022 жылға арналған дизель отынын тұтыну болжамы 5,472 миллион тоннаны құрайды. Бұл 2020 жылға қарағанда 500 мың тоннаға және 2021 жылға қарағанда 90 мың тоннаға артық.
Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету үшін мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 миллион тоннаны құрайды. Бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.