https://sputnik.kz/20220905/qazaqstan-auezhaylarynda-kezekpen-otyrgyzu-zhobasy-engiziledi-27284400.html
Әуежайларда "Кезекпен отырғызу" жобасы енгізіледі
Әуежайларда "Кезекпен отырғызу" жобасы енгізіледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 10 қыркүйектен бастап Қазақстан әуежайларында пилоттық режимде "Кезекпен отырғызу" жобасы іске қосылады. 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T10:29+0500
2022-09-05T10:29+0500
2022-09-05T10:50+0500
қоғам
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27146166_0:0:1024:576_1920x0_80_0_0_92ab3d4f6d5cd85b5708ba23f30a5b1e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 10 қыркүйектен бастап Қазақстан әуежайларында пилоттық режимде "Кезекпен отырғызу" жобасы іске қосылады.Жобаның негізгі идеясы –жолаушыларды кезектік технология бойынша, яғни топтар бойынша отырғызуды жүзеге асыру. Бұл әуежайлардағы азаматтарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.Жоба аясында жолаушыларды отырғызу тәртібі ұшақ бортындағы орнына байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте, ата-анасымен еріп жүрмейтін балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым тәртіппен негізгі кезектен тыс өтеді."Қазіргі уақытта жолаушыларды отырғызу процесі, балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларды бірінші кезекте отырғызуды қоспағанда, арнайы технологиясыз жүргізіледі. Соның салдарынан телескопиялық траптың қақпасының/есігінің жанында жолаушылар жиналып қалады. Кезекпен отырғызу технологиясын енгізу жоғарыда аталған жағдайлардың оң шешімі болады деп болжануда", - делінген хабарламада.Пилоттық жобаға Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қатысады.Кезекпен отырғызу телескопиялық траптары бар әуежайларда ғана жүргізіледі: Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды қалаларында.Жоба үш айға есептелген, содан кейін кезекпен отырғызуды одан әрі қолдану туралы шешім қабылданады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1f/27146166_128:0:896:576_1920x0_80_0_0_d9616e2b59ea8a1864143b785a3ee9de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. 10 қыркүйектен бастап Қазақстан әуежайларында пилоттық режимде "Кезекпен отырғызу" жобасы іске қосылады.
Жобаның негізгі идеясы –жолаушыларды кезектік технология бойынша, яғни топтар бойынша отырғызуды жүзеге асыру. Бұл әуежайлардағы азаматтарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.
Жоба аясында жолаушыларды отырғызу тәртібі ұшақ бортындағы орнына байланысты жүзеге асырылады. Бұл ретте, ата-анасымен еріп жүрмейтін балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым тәртіппен негізгі кезектен тыс өтеді.
"Қазіргі уақытта жолаушыларды отырғызу процесі, балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларды бірінші кезекте отырғызуды қоспағанда, арнайы технологиясыз жүргізіледі. Соның салдарынан телескопиялық траптың қақпасының/есігінің жанында жолаушылар жиналып қалады. Кезекпен отырғызу технологиясын енгізу жоғарыда аталған жағдайлардың оң шешімі болады деп болжануда", - делінген хабарламада.
Пилоттық жобаға Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қатысады.
Кезекпен отырғызу телескопиялық траптары бар әуежайларда ғана жүргізіледі: Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды қалаларында.
Жоба үш айға есептелген, содан кейін кезекпен отырғызуды одан әрі қолдану туралы шешім қабылданады.