Гуманитарлық көмек тиелген 8 жүк көлігі елордадан Қостанай облысына аттанды

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыГуманитарлық көмек тиелген сегіз жүк көлігі Нұр-Сұлтаннан Қостанай облысына аттанды
Гуманитарлық көмек тиелген сегіз жүк көлігі Нұр-Сұлтаннан Қостанай облысына аттанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Гуманитарлық көмек тиелген сегіз жүк көлігі Нұр-Сұлтаннан Қостанай облысына аттанды.
Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша елордада қалалық штаб құрылған болатын. Оның құрамына мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, еріктілер, жастар және қаланың белсенді тұрғындары енді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
4 қыркүйек күні кешке AMANAT партиясының астаналық бөлімшесі ғимаратының алдында Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін гуманитарлық жүгі бар 8 жүк көлігі жиналды.
Гуманитарлық көмекті жеткізу үшін Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров барды.
"Қаладағы кәсіпкерлер бірден көлік беріп, көмек көрсетті. Елорда тұрғындары қажетті деген заттарды алып келеді. Олардың арасында гигиеналық құралдар, сабын, сусабындар, майлықтар, сол сияөты ұн, жарма, қант, сусындар бар. Бір күнде біз 8 жүк көлігін жинадық. Тауарлар мен заттарды жинау жалғасуда. Таңға дейін елордаға қайта оралуды жоспарлап отырмыз, ал жүк көліктері толған соң қайтадан жібереміз", - деді Қайрат Қамбаров жолға шығар алдында.
Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров өрттен зардап шеккендерге қажетті заттардың қалай жиналғанын айтып берді.
"Қала кәсіпкерлері мұндай жағдайда бей-жай қарамай, өрттен зардап шеккендерге көмек жинауды ұйымдастырды. Бүгін күні бойы қажетті заттар мен өнімдерді жинау ісімен айналыстық. Таң атқалы бері өрт сөндірушілерге жүк жеткізумен айналысқан кәсіпкерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз", - деді Қуаныш Сапаров.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау Қазақстан халқы ассамблеясында да ұйымдастырылды. Қажетті заттарды қабылдау 5 қыркүйекте бастау алды. Барлық сұрақ бойынша үйлестірушіге мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 702 481 20 38, +7 701 466 0345.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Сенаторлар бір күндік жалақыны зардап шеккендерге аударады
Жаңалықтар
0