https://sputnik.kz/20220905/eshqanday-kuman-bolmauga-tiis-toqaev-arnayy-shtabtyn-otyrsyn-otkizdi--27293489.html
"Ешқандай күмән болмауға тиіс": Тоқаев арнайы штабтың отырысын өткізді
"Ешқандай күмән болмауға тиіс": Тоқаев арнайы штабтың отырысын өткізді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді... 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T13:31+0500
2022-09-05T13:31+0500
2022-09-05T15:29+0500
қостанай облысы
өрт
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/05/27291515_0:0:3626:2040_1920x0_80_0_0_8c919a8d3bdda3da8eebaa8754f0414c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап. Облыс әкімі мен министрдің айтуныша, өңірдегі жағдай бақылауға алынды. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Ал мемлекет басшысы осы жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін ерекше атап өтті. Өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, Тоқаев үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетілетінін жеткізді. Осыған байланысты үкімет пен әкімдікке зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеуге тапсырма берілді. Президент өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Төтенше жағдайлар министрлігіне қызметкерлердің әлеуметтік, соның ішінде баспана мәселесін шешуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға тапсырма берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты."Қостанай облысында алапат өрт болып жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына және елді мекендерге қауіп төндіреді. Өңірдің экономикасы мен табиғатына зор шығын келіп отыр. Өрт төрт ауданның аумағына жайылды. Тағы бес облыста – Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында өрт ошақтары пайда болып жатыр. Күннің ыстық болып, желдің күшеюі өртті одан әрі өршітті. Мәселе аса күрделі екені түсінікті. Сондықтан үкімет пен президент әкімшілігіне тиісті тапсырмаларды бердім. Өртті тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Қазір төтенше жағдай бақылауға алынды", - деп атап көрсетті Тоқаев.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/05/27291515_477:0:3208:2048_1920x0_80_0_0_99fbd52e0f26144131082d468637d801.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, өрт, қасым-жомарт тоқаев
қостанай облысы, өрт, қасым-жомарт тоқаев
"Ешқандай күмән болмауға тиіс": Тоқаев арнайы штабтың отырысын өткізді
13:31 05.09.2022 (жаңартылды: 15:29 05.09.2022) НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Облыс әкімі мен министрдің айтуныша, өңірдегі жағдай бақылауға алынды. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Ал мемлекет басшысы осы жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін ерекше атап өтті. Өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ, Тоқаев үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетілетінін жеткізді. Осыған байланысты үкімет пен әкімдікке зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеуге тапсырма берілді.
"Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс", – деді Тоқаев.
Президент өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.
Төтенше жағдайлар министрлігіне қызметкерлердің әлеуметтік, соның ішінде баспана мәселесін шешуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға тапсырма берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.
"Қостанай облысында алапат өрт болып жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына және елді мекендерге қауіп төндіреді. Өңірдің экономикасы мен табиғатына зор шығын келіп отыр. Өрт төрт ауданның аумағына жайылды. Тағы бес облыста – Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында өрт ошақтары пайда болып жатыр. Күннің ыстық болып, желдің күшеюі өртті одан әрі өршітті. Мәселе аса күрделі екені түсінікті. Сондықтан үкімет пен президент әкімшілігіне тиісті тапсырмаларды бердім. Өртті тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Қазір төтенше жағдай бақылауға алынды", - деп атап көрсетті Тоқаев.