https://sputnik.kz/20220905/en-tomen-zhalaqy-qantar-27281147.html
Ең төмен жалақы келесі жылы қаңтардан бастап өседі
Ең төмен жалақы келесі жылы қаңтардан бастап өседі
Sputnik Қазақстан
2023 жылдан бастап ең төмен жалақы 70 мың теңге болады 05.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-05T09:30+0500
2022-09-05T09:30+0500
2022-09-05T09:30+0500
экономика
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_de7bc8c5da8ea21fd9e406fd196e4646.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін ұлғаяды.Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларға еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмысшының ақшалай табысы өседі, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Біріншіден, ең төмен жалақының көтерілуі "айлығы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескеріп, қызметкерлердің басқа санаттарының еңбекақысын қайта қарайды.Сондай-ақ президент үкіметке ең төмен жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды. Бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.Осы тапсырманы орындау үшін еңбек министрлігінің мамандары динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төмен жалақыны айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948647_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_e557e3bab9261d7797c17ff1ddeaf61e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
Ең төмен жалақы келесі жылы қаңтардан бастап өседі
2023 жылдан бастап ең төмен жалақы 70 мың теңге болады
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін ұлғаяды.
Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларға еңбекақыны ең төмен жалақыдан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық саласында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмысшының ақшалай табысы өседі, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Біріншіден, ең төмен жалақының көтерілуі "айлығы төмен" қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төмен жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескеріп, қызметкерлердің басқа санаттарының еңбекақысын қайта қарайды.
Сондай-ақ президент үкіметке ең төмен жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды. Бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.
Осы тапсырманы орындау үшін еңбек министрлігінің мамандары динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төмен жалақыны айқындау әдістемесін әзірлеуге кірісті.