Денсаулық

Диетолог хош иісті шайдың зияны туралы айтты

© Photo : Up-FreeШай
Шай - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
Маман хош иісті шайдан толықтай бас тарта алмайтындарға табиғи қоспалары бар шайды таңдауға кеңес береді
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек - Sputnik. Хош иісті шайды шамадан тыс ішу аллергия мен денеге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, дейді диетолог Елена Соломатина "Мәскеу 24" агенттігіне.
Оның айтуынша, егер шай құрамында синтетикалық хош иіс көп мөлшерде қолданылса, зиянды болуы мүмкін. Сондай-ақ, егер хош иістер онкологияға әкеп соқтыруы ықтимал, деп ескертеді сарапшы.
"Хош иісті шайды ішкен адамның бәрі онкологияға шалдығады деп айтуға болмайды. Өйткені өнім сыналады. Бірақ хош иістердің әсері жиналып, күндердің бір күнінде дертке себеп болуы мүмкін. Адам аурудан емес, мутациялар тым көбейіп, дененің сау жасушаларын көбейте алмайтындықтан көз жұмады", - деді дәрігер.
Диетолог хош иісті шайдан толықтай бас тарта алмайтындарға табиғи қоспалары бар шайды таңдауға кеңес береді.
"Табиғи хош иістер бар. Мысалы, гибискус жапырақтары, итмұрын, қарақат, тасшөп, жалбыз, жасмин қосылады. Мұндай шай қауіпті емес, ол жемістер мен жапырақтардың кейбір пайдалы заттарымен байытылуы мүмкін. Таңқурай, қарақат, осы өсімдіктердің жапырақтары мен жемістері бар", - деді Соломатина.
Жаңалықтар
0