Балқаш қаласының жаңа әкімі тағайындалды

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуАрхивное фото портфеля
Архивное фото портфеля - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Балқаш қаласының әкімі қызметіне Қайрат Қамзин тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа әкімді таныстырған облыс басшысы Жеңіс Қасымбек негізгі міндеттерді атады.
"Сіздерде туризм бойынша үлкен әлеует бар. Соңғы жылдары туристер ағыны артып келеді. Бірақ инфрақұрылымды дамыту қажет", – деді Қасымбек.
Ал қаланың бұрынғы әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Қайрат Амангелдіұлы мемлекеттік қызметте 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында әкім аппаратында, табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаментінде еңбек етті.
Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін Приозерск қаласының әкімі болды. 2022 жылдың шілде айынан осы уақытқа дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жетекшілік етті.
Жаңалықтар
0