https://sputnik.kz/20220904/tergeu-departamenti-orman-ort-27270841.html
Тергеу департаменті орман өртінен кейін арнайы үндеу таратты
Тергеу департаменті орман өртінен кейін арнайы үндеу таратты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі орманға өрт қойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті. Ведомство тергеу департаментінің... 04.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-04T17:02+0500
2022-09-04T17:02+0500
2023-08-10T16:58+0500
үндеу
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252425_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_443a35cec413bb9875742117b1043d53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі орманға өрт қойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті. Ведомство тергеу департаментінің арнайы видеосын жариялады.Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлденнің айтуынша, қолданыстағы заңнамада ормандарды жою немесе зақымдау үшін қылмыстық жауапкершілік бар."Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе қалдықтар мен қоқыс тастау арқылы, сондай-ақ, өзге де қауіпті тәсілдермен қасақана жою немесе зақымдау Қылмыстық кодекстің 341-бабымен сараланады. Аталған қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді Шүлден. Айта кетері, Қостанай облысындағы орман өрті басылмай тұр. Тілсіз жау 43 мың гектарға шарпыды. Бір адам қаза тапты. 100-ден астам құрылыс нысаны жанып кетті.
https://sputnik.kz/20220904/qostanaydagy-ort-iri-bank-zardap-shekkenderdin-kreditin-keshirip-million-tengeden-beredi---27269211.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/03/27252425_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_0ba51d89445c7f49686ddb001aff230f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үндеу, тергеу
Тергеу департаменті орман өртінен кейін арнайы үндеу таратты
17:02 04.09.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі орманға өрт қойғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті. Ведомство тергеу департаментінің арнайы видеосын жариялады.
Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлденнің айтуынша, қолданыстағы заңнамада ормандарды жою немесе зақымдау үшін қылмыстық жауапкершілік бар.
"Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе қалдықтар мен қоқыс тастау арқылы, сондай-ақ, өзге де қауіпті тәсілдермен қасақана жою немесе зақымдау Қылмыстық кодекстің 341-бабымен сараланады. Аталған қылмыс ауыр қылмыстар санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - дейді Шүлден.
Айта кетері, Қостанай облысындағы орман өрті басылмай тұр. Тілсіз жау 43 мың гектарға шарпыды. Бір адам қаза тапты. 100-ден астам құрылыс нысаны жанып кетті.