https://sputnik.kz/20220904/qostanay-oblysyndagy-alapat-ort-qutqarushylar-qauipti-aymaqtardy-atady-27268837.html
Қостанай облысындағы алапат өрт: құтқарушылар қауіпті аймақтарды атады
Қостанай облысындағы алапат өрт: құтқарушылар қауіпті аймақтарды атады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жұмыстары қай жерде атқарылып жатқанын хабарлады. 04.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-04T13:53+0500
2022-09-04T13:53+0500
2022-09-04T13:53+0500
қостанай облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/1112/15/11121562_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_e84746c52a0057518b9936a986324153.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жұмыстары қай жерде атқарылып жатқанын хабарлады. Қазіргі кезде екі елді мекен – Аманқарағай мен Озерное ауылында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, М-36 республикалық тас жолдың бойында, сондай-ақ, орман аймағында, атап айтқанда, Бағаналы ауылына жақын жерде 5 ошақ, Лесное аулы жақта екі ошақ және Аманқарағайға жақын жерде бір өрт ошағы басылмай тұр. Сонымен қатар Қарабалық ауданында Боскөл ауылынан 7 шақырым шалғай жерде шөп мен ағаш өртенді. Бүгін сағат 11:00-де тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Бұдан бөлек, Қарақопа ауылына жақын жерде 440 гектар өрттенді. Оны сағат 11:50-де өшірді. Бүгін Алматыдан тағы екі тікұшақ шықты. Олар, шамамен 16:00-де келіп, орман өртін өшіруге қосылады. Нұр-Сұлтанда қорғаныс министрлігінің үш ұшағы дайын тұр. Полиция Қостанай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1112/15/11121562_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_af55885a32add046da1376edf8770958.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, өрт
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру жұмыстары қай жерде атқарылып жатқанын хабарлады.
Қазіргі кезде екі елді мекен – Аманқарағай мен Озерное ауылында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, М-36 республикалық тас жолдың бойында, сондай-ақ, орман аймағында, атап айтқанда, Бағаналы ауылына жақын жерде 5 ошақ, Лесное аулы жақта екі ошақ және Аманқарағайға жақын жерде бір өрт ошағы басылмай тұр.
Сонымен қатар Қарабалық ауданында Боскөл ауылынан 7 шақырым шалғай жерде шөп мен ағаш өртенді. Бүгін сағат 11:00-де тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің ауданы анықталып жатыр.
Бұдан бөлек, Қарақопа ауылына жақын жерде 440 гектар өрттенді. Оны сағат 11:50-де өшірді. Бүгін Алматыдан тағы екі тікұшақ шықты. Олар, шамамен 16:00-де келіп, орман өртін өшіруге қосылады.
Нұр-Сұлтанда қорғаныс министрлігінің үш ұшағы дайын тұр. Полиция Қостанай облысындағы орман өрті бойынша қылмыстық іс қозғады.