Қостанай облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының әкімдігі жергілікті масштабта төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Облыста орман өрті басылмай тұр. Тілсіз жау тараған жердің көлемі 43 мың гектарға жетті. Кешеден Озерное, Лесное мен Аманқарағай ауылдарында 108 құрылыс нысаны өрттенді. Аманқарағай мұнай базасының аумағына да кірген.
Осы уақытқа дейін Озерное,Аманқарағай, Калинино мен Лесное ауылынан 1841 адам эвакуацияланды. Барлығы Әулиекөл орта мектебі мен мектеп-интернатына орналастырылды.
Ал Новонеженка ауылында зардап шеккен халықты қабылдауға арналған 9 шатыр тігілді. Қазіргі кезде өртті өшіруге 110 бірлік техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы мен 703 адамы тартылып отыр.
Жарақат алғандар да бар. 10 адамның ішінде жергілікті халық, қалғаны - орман шаруашылығы, әкімдік пен төтенше жағдайлар қызметінің маманы. 6 тексеруден кейін және көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Ал төртеуі аудандық ауруханада жатыр.
"Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда", - дейді құтқарушылар.
Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, бүгін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура +28 градус сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 9 метрге дейін барады.
Таңғы сағат 6-50-де Алматы қаласынан Қостанай облысына суағар құрылғылары бар екі тікұшақ шықты.
Жаңалықтар
0