Қостанай облысында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

© Sputnik / Сергей Субботин / Медиабанкке өтуТранспортный коридор "Север - Юг"
Транспортный коридор Север - Юг - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы.
4 қыркүйек сағат 03.57-де жолды алдын ала тексергеннен кейін бірінші контейнерлік пойыз жөнелтілді, екіншісі - 04.21-де жолға шықты.
Сағат 05.25 – те өрт сөндіру пойызының қорғауымен Алматы-Орал бағытындағы №51 жолаушылар пойызы (кідіріс уақыты 11 сағат 8 минут) және Семей-Маңғыстау бағытындағы №37 пойызы жөнелтілді.
Пойыздар қозғалысы ТЖМ жедел штабының ақпаратынан кейін толығымен қалпына келтіріледі.
ҚТЖ-да жедел штаб құрылды.Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға: 8 (7172)60-63-15, 8(701) 777 65 80 хабарласуға болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Тобыл-Құсмұрын учаскесінің Аманқарағай мен Қазанбасы аралықтарында өрт екі жағынан теміржол төсеміне жақындап келген еді.
Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты пойыздар қозғалысы тоқтатылды.
Жаңалықтар
0