Президент Қостанай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарымен танысады

© МЧС РКЛесной пожар в Костанайской области
Лесной пожар в Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр.
Бұл туралы БОРТ№1 хабарлайды.
"Жалпы, облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді",-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы Қостанайдағы өртке қарамастан облысқа жұмыс сапарымен баратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ мемлекет басшысы үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді.
Жаңалықтар
0