Смайылов өрттен зардап шеккендерге арналған баспана құрылысын дереу бастауды тапсырды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАлихан Смаилов на заседании Евразийского межправительственного совета
Алихан Смаилов на заседании Евразийского межправительственного совета - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Қостанай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңа баспана салуды дереу бастауды тапсырды.
"Бізге жедел жұмыс істеп, өрттен зардап шеккендерге арналған баспананы тез арада аяқтауымыз қажет", - деді Смайылов өрт салдарын жоюға арналған кеңесте.
Ол бірқатар министрлікке тапсырма берді:
Қаржы және Ұлттық экономика министрлігіне үкіметтің резервінен өрттен келтірілген залалды өтеуге қаражат бөлу туралы қаулы жобасын дайындауды;
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өрттен зардап шеккен аудандарда көлік қатынасын қалпына келтіру және инженерлік, инфрақұрылымдық нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп, қажет болған жағдайда зардап шеккен фермерлерге және жеке қосалқы шаруашылық иелеріне көмек көрсету міндеттелді.
Сонымен қатар Смайылов денсаулық сақтау министрлігіне зардап шеккендерге медициналық көмекпен қамтамасыз ету, еңбек министрлігіне зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсетуді жүктеді. Ішкі істер министрлігіне эвакуация аймағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.
Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев күрделі метеорологиялық жағдайға, ауа температурасының 36 градустан асуына байланысты Қостанай облысында, әсіресе орман алқаптарында күрделі өрт жағдайы қалыптасқанын баяндады. 43 мың га орман шаруашылығы өртке оранды.
Қазіргі уақытта 1 841 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Жедел желі ашылып, зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр. 10 адам зардап шекті, бір адам қайтыс болды.
108 үй-жай жойылып, бүлінген. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 600-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Тікұшақтар іске қосылды. Жедел штаб жұмыс істеп жатыр, ТЖМ басшысы оқиға орнында жүр.
Жаңалықтар
0