https://sputnik.kz/20220904/nur-sultan-ystyq-balishter-video-27270689.html
Нұр-Сұлтанда заңсыз есірткі сатқан дәмхана иесі қамауға алынды – видео
Нұр-Сұлтанда заңсыз есірткі сатқан дәмхана иесі қамауға алынды – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда дәмхана ашқан әйел заңсыз есірткі сатқаны үшін ұсталды. Ол "ыстық бәліштер" деп келген адамдарға гашиш сатып... 04.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-04T15:55+0500
2022-09-04T15:55+0500
2023-08-09T12:22+0500
дәмхана
астана
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда дәмхана ашқан әйел заңсыз есірткі сатқаны үшін ұсталды. Ол "ыстық бәліштер" деп келген адамдарға гашиш сатып отырған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ресми қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, арнайы операция кезінде есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Дәмхана ашқан әйел үй тағамдарымен бірге гашишті заңсыз сатып отырған. "Ыстық бәліштер" деген құпия сөз де болған. Есірткі алуға келген клиенттер алдымен соны айтқан. Осылайша, дәмхана иесі адамның не үшін келгенін біліп тұрды. Дәмхананы тінту кезінде сатуға дайындалған 56 қағаз орамасы табылды. Барлығында гашиш болды. Есірткінің жалпы салмағы 1 келіден асты. Сондай-ақ, есірткі сатудан түскен 2,5 миллион теңге тәркіленді. Дәмхана иесі өз кінәсін мойындады. 52 жастағы әйел қамауға алынды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("есірткі, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Осы қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәмхана, астана
Нұр-Сұлтанда заңсыз есірткі сатқан дәмхана иесі қамауға алынды – видео
15:55 04.09.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда дәмхана ашқан әйел заңсыз есірткі сатқаны үшін ұсталды. Ол "ыстық бәліштер" деп келген адамдарға гашиш сатып отырған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ресми қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, арнайы операция кезінде есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Дәмхана ашқан әйел үй тағамдарымен бірге гашишті заңсыз сатып отырған. "Ыстық бәліштер" деген құпия сөз де болған. Есірткі алуға келген клиенттер алдымен соны айтқан. Осылайша, дәмхана иесі адамның не үшін келгенін біліп тұрды.
Дәмхананы тінту кезінде сатуға дайындалған 56 қағаз орамасы табылды. Барлығында гашиш болды. Есірткінің жалпы салмағы 1 келіден асты. Сондай-ақ, есірткі сатудан түскен 2,5 миллион теңге тәркіленді. Дәмхана иесі өз кінәсін мойындады. 52 жастағы әйел қамауға алынды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі ("есірткі, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 10 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.