Ассамблея өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету акциясын бастады

© Pixabay / Alexandr PodvalnyСердце
Сердце - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы ұйымдастырып бастағаны туралы хабарлады.
"4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды", - делінген хабарламада.
Эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.
"Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет. Осыған байланысты қаражат жинау мақсатында арнайы ашылған есеп шот ашылд",- деп хабарлады ассамблея.
Арнайы есепшот мына нөмірде: 8 747 482 64 49. Бұл жұмысты үйлестіру "Қоғамдық келісім" орталығына жүктелді.
"Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің "Қоғамдық келісім" КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы", - делінген ақпаратта.
Жаңалықтар
0