Аңшылық дүкенде болған өрттен төрт адам көз жұмды: Бас прокуратура іс қозғады

© Photo : "Наша газета"В Костанае горит магазин "Оружейная палата",
В Костанае горит магазин Оружейная палата, - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратура Қостанай қаласындағы аңшылық дүкенде болған өрт кезінде төрт адамның қаза тапқанын хабарлады.
Бұған дейін екі адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет болған.
"3 қыркүйекте Қостанай қаласында "Оружейная палата" аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды, ал төртеуі қаза тапты", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 204-бабы, 2-бөлігі (отпен абайсыз жұмыс iстеу арқылы ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірілген іс-әрекет), 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Прокуратура облыстағы орман өртіне қатысты да қылмыстық іс қозғады.
Аманқарағай ауылында үйінділердің арасынан 1936 жылы туған М.И. Бабенконның денесі табылды.
"Адамдардың қаза болғанын, зардап шеккендердің санын және өрт салдарынан келтірілген шығынды ескере отырып, қылмыстық істер Бас прокуратураның және Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары басшылық ететін тәжірибелі құқық қорғау және арнаулы органдар қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел топтардың іс жүргізуіне қабылданды. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынды", - дейді мамандар.
Жаңалықтар
0