https://sputnik.kz/20220903/tamara-duysenova-en-tomengi-zhalaqy-qashan-koteriletinin-aytty-27249421.html
Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны көтеру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды... 03.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-03T10:16+0500
2022-09-03T10:16+0500
2022-09-03T10:16+0500
жалақы
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны көтеру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылғы жолдауда президент ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған. Осының арқасында 1,8 миллион адамның табысы артады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру үшін алдымен есепқисап жасау қажет. Бұл жұмысқа халықаралық сарапшылар да тартылады."Бұл тапсырманы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына ең төменгі еңбекақы көлемін 60 мыңнан 70 мыңға дейін өсіру туралы қыркүйек айында өзгеріс енгізіледі. Ал ең төменгі еңбекақыны анықтау және оны кезең-кезеңімен өсіру методикасын әзірлеу үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа методиканы 2023 жылдың наурыз айына дейін дайындаймыз. Ал келісілген методиканы және ең төменгі еңбекақыны арттыру механизмдері 2023 жылдың желтоқсан айына дейін ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заңға және еңбек кодексіне енгізіледі" , - деді Дүйсенова үкіметтің бүгінгі отырысында.Осылайша, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, тамара дүйсенова
Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны көтеру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы жолдауда президент ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған. Осының арқасында 1,8 миллион адамның табысы артады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, ең төменгі жалақыны көтеру үшін алдымен есепқисап жасау қажет. Бұл жұмысқа халықаралық сарапшылар да тартылады.
"Бұл тапсырманы орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына ең төменгі еңбекақы көлемін 60 мыңнан 70 мыңға дейін өсіру туралы қыркүйек айында өзгеріс енгізіледі. Ал ең төменгі еңбекақыны анықтау және оны кезең-кезеңімен өсіру методикасын әзірлеу үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа методиканы 2023 жылдың наурыз айына дейін дайындаймыз. Ал келісілген методиканы және ең төменгі еңбекақыны арттыру механизмдері 2023 жылдың желтоқсан айына дейін ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заңға және еңбек кодексіне енгізіледі" , - деді Дүйсенова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осылайша, ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтеріледі.