https://sputnik.kz/20220903/qydyrali-zhurnalister-quqyqtyq-martebe-27257346.html
Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге мүдделі
Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге мүдделі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге... 03.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-03T15:47+0500
2022-09-03T15:47+0500
2022-09-03T15:47+0500
журналист
мәртебе
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_8a68275a1108ff3551c5fd46cf2680f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге мүдделі. "Менің жеке пікірім, журналистің құқықтық мәртебесін қарастыру қажет. Шын мәнінде, журналистің сөз бостандығы мәселесі, оның ақпарат алуға қолжетімділік мәселесі, журналистердің әлеуметтік мәселесі – жалақысы мен қаламақысы бар. Мен өзім бұның бәрін БАҚ саласынан келген басшы ретінде жақсы білемін. Сондықтан барлығын қолға аламыз, назарға аламыз", - деді Қыдырәлі Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында. Айта кетері, ақпарат саласына жаңа басшы келген сайын осы мәселе көтеріліп отырады. Бірақ талқылаудан ары кетпейді. Былтыр сенатор Нұртөре Жүсіп журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды ұсынды. Сенатор өзінің депутаттық сауалын сол кездегі премьер-министр Асқар Маминге жолдаған. Бірақ ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетті. Биыл мамыр айында Жүсіп үкімет басшысына тағы бір депутаттық сауал жолдап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге үндеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/05/15400227_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_783afdfc554bdb8e29425c60031d8922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
журналист, мәртебе
Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге мүдделі
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналистердің құқықтық мәртебесін бекітуге мүдделі.
"Менің жеке пікірім, журналистің құқықтық мәртебесін қарастыру қажет. Шын мәнінде, журналистің сөз бостандығы мәселесі, оның ақпарат алуға қолжетімділік мәселесі, журналистердің әлеуметтік мәселесі – жалақысы мен қаламақысы бар. Мен өзім бұның бәрін БАҚ саласынан келген басшы ретінде жақсы білемін. Сондықтан барлығын қолға аламыз, назарға аламыз", - деді Қыдырәлі
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетері, ақпарат саласына жаңа басшы келген сайын осы мәселе көтеріліп отырады. Бірақ талқылаудан ары кетпейді. Былтыр сенатор Нұртөре Жүсіп журналист мәртебесі туралы арнайы заң қабылдауды
ұсынды.
"Бүгінде журналистің қоғамдағы орны заңдылық тұрғыдан еш айқындалмаған. Соның салдарынан қазір журналист не мемлекеттік қызметші, не азаматтық қызметші, не кәсіпкер санатында жоқ белгісіз тұлға. Санда бар, санатта жоқ", - деді ол.
Сенатор өзінің депутаттық сауалын сол кездегі премьер-министр Асқар Маминге жолдаған. Бірақ ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кетті.
Биыл мамыр айында Жүсіп үкімет басшысына тағы бір депутаттық сауал жолдап, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің
жалақысын көтеруге үндеді.