Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдегі баспалдақ маңынан жас әйелдің мәйіті табылды

© Sputnik / Абзал КалиевӘйелдің қолы
Әйелдің қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек - Sputnik. Нұр-Сұлтанда жас әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
102 пультіне Әуезов көшесіндегі үйдің тұрғынынан баспалдақ алаңында қанталаған әйелдің жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер дене жарақаты бар 34 жастағы әйелдің мәйітін тапқан.
Елордалық жедел уәкілдердің тексерісі барысында бір тәуліктің ішінде Ақмола облысының аумағында 37 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам бір күн бұрын аулада жас әйелмен танысып, бос уақытын өткізу үшін оны пәтеріне шақырған. Отырыс барысында күдікті мен қонақтың арасында жанжал туындап, ер адам спорттық зілтемірден металл белтемірді алып, жәбірленушінің денесіне бірнеше рет соққы жасаған.
Әйелдің есінен танып бара жатқанын көріп, оны пәтерден алып шығып, баспалдақ алаңында қалдырған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды,. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0