https://sputnik.kz/20220903/nur-sultan-men-petropavlda-internet-alayaqtar-toby-ustaldy-27248352.html
Нұр-Сұлтан мен Петропавлда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Нұр-Сұлтан мен Петропавлда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның екі қаласында жеті адамнан тұратын интернет-алаяқтар тобы ұсталды. 03.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-03T09:54+0500
2022-09-03T09:54+0500
2022-09-03T09:54+0500
алаяқ
https://sputnik.kz/img/12/48/124886_0:270:5184:3186_1920x0_80_0_0_72682fd316d6b993116d1a628aa65e0a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның екі қаласында жеті адамнан тұратын интернет-алаяқтар тобы ұсталды."Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған. Топ үш айда құрылған", – деп хабарлады Polisia.kz.Әр қатысушының өз рөлі болған. Мысалы, ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берген, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды – "дропперлерді" таңдаған. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан тіздепті. Төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілген.СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, алаяқтар тобын ұстады.Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайды."Егер интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуды сұраймыз. Есіңізде болсын, төлем картасын ресімдеп, оны белгілі бір сомаға бейтаныс адамдарға тапсырсаңыз, сіз қылмысқа қатысушы болып таныласыз!", - деп атап өтті полиция.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/48/124886_288:0:4896:3456_1920x0_80_0_0_962027183123bb0967b5baf95981b3a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның екі қаласында жеті адамнан тұратын интернет-алаяқтар тобы ұсталды.
"Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған. Топ үш айда құрылған", – деп хабарлады
Polisia.kz.Әр қатысушының өз рөлі болған. Мысалы, ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берген, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды – "дропперлерді" таңдаған. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан тіздепті. Төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілген.
СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, алаяқтар тобын ұстады.
Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.
Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды. Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайды.
"Егер интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласуды сұраймыз. Есіңізде болсын, төлем картасын ресімдеп, оны белгілі бір сомаға бейтаныс адамдарға тапсырсаңыз, сіз қылмысқа қатысушы болып таныласыз!", - деп атап өтті полиция.