Лукашенконың мәлімдемесі Батыс елдерін алаңдатты

© БелТА / Медиабанкке өтуПрезидент Беларуси Александр Лукашенко
Президент Беларуси Александр Лукашенко  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2022
Жазылу
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко бос сөз айтпайтыны белгілі. Сондықтан оның жақында агрессор мемлекеттерге елдегі әскери-әуе күштеріне қарасты тактикалық ядролық қарумен жауапты соққы жасау ықтималдылығы туралы мәлңмдемесі Батысты біршама алаңдатты, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Солтүстікатлантикалық мемлекеттер мен Украина үш жағынан қоршап тұрған Беларусь әлсіз көрінуі мүмкін. Бұл мемлекетке көп уақытттан бері ұжымдық Батыс қысым көрсетіп жатқаны да жасырын емес. Бірақ Одақтас мемлекет (Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы) бұл мемлекетті дәл Ресейдікіндей ядролық әлеуеті бар қуатты республикаға айналдырып тұр. Беларусьтік әскери-әуе күштерінің ұшақтары ядролық соққы жасауға қауқарлы қуатта қайта жабдықталған.
Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко өткен жұмада Atlantic Resolve операциясы аясында Шығыс Еуропа аумағына америкалық әскери техниканың жөнелтілуіне қатысты пікір білдірді: "Егер жағдай шиеленіссе, онда ешқандай тікұшақ, ұшақ оларды құтқара алмайтынын түсінулері керек. Бір кезде Петерборда біз Путинмен бірге беларусьтік Су ұшақтарын да ядролық қаруды алып жүре алатындай етіп қайта жабдықталатынын мәлімдегенбіз. Олар дайын!".
Кеше Александр Лукашенко АҚШ Польшаға ядролық қару-жарақ жеткізуді жүзеге асырған жағдайда Минскке де дәл осындай қару-жарақ жеткізілуі туралы Мәскеуге ұсыныс жасайтынын айтты. Бұл Беларусь әскери-әуе күштеріне қарасты бірнеше Су-24М бомбалаушы ұшақтарының модернизациясы, яғни олардың тактикалық ядролық қаруды қолдануға технологиялық дайындығына қатысты болып отыр.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуінде "Искандер-М" кешендерін Минскіге беру туралы шешім қабылданғанын, республика оларды алдағы бірнеше ай ішінде алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, кешендерге қоса қалыпты жағдайда және ядролық мақсатта қолдануға болатын баллистикалық және қанатты зымырандар да жеткізіледі.
"Осы кездесу барысында Ресей президенті екі елдің әскери ведомстволарына осы мәселеге қатысты пысықтау жүргізіп, оның оңынан шешілуін қадағалауды ұсынды. Алайда НАТО елдері беларусь бомбалаушы ұшақтарын тактикалық ядролық қарумен жабдықтау туралы ақпаратқа көбірек алаңдады. Александр Лукашенко Беларусь НАТО тарапынан арандатушылыққа дайын екенін, соққы беру нысандары анықталғанын, шешім қабылдау орталықтары белгілі екенін баса айтты", - деп жазды Хроленко.
Батыс елдері ядролық емес Беларусь Республикасы Ресей Федерациясымен ядролық қаруды бірлесіп қолдану туралы келісімге заңды түрде қатыса алатынын түсініп отыр. Себебі, бұл Бельгияның, Германияның, Италияның және альянсқа мүше Еуропадағы басқа да елдерінің әскери-әуе күштері В-61 тобына жататын америкалық термоядролық бомбаларды соғыс жағдайында қолдануына балама болар еді. Сондықтан Беларусь президентінің Су-24М соғыс бомбалаушы ұшақтарының қақтығысқа дайындығы туралы мәлімдемесі батыс сарапшылары арасында белсенді пікірталас тудырды. Өйткені бұл ұшақтың әскери-өнеркәсіп саласында мүмкіндіктері мен жария белгілі жалпы сипаттамасы бойынша озық техника қатарында тұр.
Америкалық Military Watch басылымы Беларусь әскери-әуе күштерінің қатарында 30 дана Су-24М ұшағы бар екенін жазды. Бұл Ресей ұсынған болуы мүмкін осы тектес жүздеген ұшақ түрін есепке алмағандағы статистика. Басылым ядролық қаруды жаңа Су-30СМ ауыр жойғыш ұшақтарымен интеграциялау мүмкіндігі туралы жазған.
Су-24М ұшағының күндіз-түні өте төмен биіктікте қырлы жер бедерін айнала ұшу мүмкіндігі бомбалаушы ұшақты іс жүзінде көзге түспейтңн және жаудың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері үшін қол жетпес етіп тұр. Тактикалық ядролық оқ-дәрінің нысанаға дөп тиюіне кепілдік беріледі. Су-24М ұшағының 8 тоннаға дейінгі әскери жүкті әуеге көтеру қабілеті де таңғалдырады. Ұшақ 1500 килограмға дейінгі калибрдегі төрт бомбаны тасымалдай алады. Жер бетіндегі жылдамдығы 1400 км/сағ құраса, биіктікте – 2320 км/сағ. Соғысу радиусы 560-1300 километр.
"Ардагер" саналатын бұл әскери ұшақ бірнеше рет модернизациядан өткен, ол уақыт талабына толық сай келеді. Мысалы, СВП-24 "Гефест" көздеу-навигациялық жүйесі бомбалау мен зымыран соққыларының дәлдігін үш есе арттыруға мүмкіндік берді. Ұшқыштар Су-24М ұшғының жауынгерлік мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр. Олардың пікірінше, борттағы тактикалық ядролық қару бомбалаушы ұшақты бұрынғыдан да жетілдіре түседі.
Хроленконың пікірінше, НАТО Беларусь шекарасынан 500 километр қашықтықта орналасқан Швеция және Финляндия арқасында аумағын кеңейтуді жалғастырып жатыр. АҚШ пен басқа Батыс елдерінің Киев режиміне миллиардтаған доллар көлемінде әскери көмек пен қару-жарақ жеткізуін Беларусь пен Ресей одақтық мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қақтығысқа тікелей қатысу ретінде қарастырып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0