Балалардың шотына жиналатын ақшаға үй алуға болады – министр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұлттық қордың инвестициялық табысынан балалардың шотына аударылатын ақшаға үй алуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Үй бағасы әр жерде әртүрлі ғой, ауыл бар, қала бар. Бірақ кейбір ауылдардан үй алуға жетеді. Мысалы, ауылдағы үй 1,5-2 миллион тұрса, алуға болады. Сосын ипотека алу үшін алғашқы жарна ретінде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Соған жететін шығар", - деді Қуантыров журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 процентін балалардың шотына аударуды ұсынды. Бастама 2024 жылдан бастап қолға алынады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады. Оны 18 жасқа дейін алуға тыйым салынады. Ал кәмелет жасқа толған соң, баспана немесе білім алу үшін жұмсауға рұқсат беріледі.
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Тоқаевтың бастамасы: 18 жылға дейін балалардың шотында қанша ақша жиналады
Жаңалықтар
0