Тоқаевтың ұсынысынан кейін Конституцияға өзгеріс енгізіле ме

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан конституциясы
Қазақстан конституциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Президент өкілеттігінің мерзімін ұзарту үшін Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Аталған ұсыныстар Конституцияға өзгерістер енгізуді талап етеді. Өйткені Конституцияның президент туралы бөлімінде өкілеттік мерзімі бес жылды құрайтыны жайлы норма бар. Сондай-ақ мемлекет басшысына екі реттен артық сайлануға болмайтыны туралы бөлек бап бар. Бұл екі норма өзгеруге тиіс", - деп түсіндірді Мұқанова мәжіліс кулуарында.
Вице-министрдің айтуынша, заң бойынша сайлауға дайындалуға екі ай беріледі. Сол себепті алдағы кезектен тыс президент сайлауы биыл қараша айында өткізілуі мүмкін.
Еске салсақ, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын.
Сонымен қатар Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, яғни қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды.
Касым-Жомарт Токаев.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2022
Қоғам
Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды
Жаңалықтар
0