https://sputnik.kz/20220902/toqaev-qanday-merzimge-saylanuy-mumkin-27224128.html
Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін
Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Журналистер вице-министр Алма Мұқановадан күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев... 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T14:02+0500
2022-09-02T14:02+0500
2022-09-02T14:02+0500
қасым-жомарт тоқаев
мерзім
https://sputnik.kz/img/1044/28/10442886_0:109:3072:1837_1920x0_80_0_0_c51473dc868facae1b9a42446040a07f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Журналистер вице-министр Алма Мұқановадан күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін екенін сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айта кетері, Конституцияның қолданыстағы нормасына сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды. 1 қыркүйекте ел халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімді 7 жылға дейін ұзартуды және бір мерзімге ғана сайлауды ұсынды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады. Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері вице-министрден Тоқаев қандай мерзімге барады деп сұрады. "Тиісті заң жобасы парламентке қыркүйекте енгізіліп, қазан айында қабылданды делік. Ал сайлау қарашаға белгіленсе, Конституцияға өзгерістер енгізетін заңда жаңа норма қол қойған күннен бастап күшіне енеді делінсе, онда жаңа сайланған президент Конституцияның жаңа баптарын басшылыққа алады. Яғни жеті жылға және бір мерзімге сайланады", - деп түсіндірді Мұқанова. Еске салсақ, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20220901/kezekten-tys-prezident-saylauy-27186210.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1044/28/10442886_268:0:2999:2048_1920x0_80_0_0_bbcee7013ac3e7b51e016fabc44a3fc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мерзім
қасым-жомарт тоқаев, мерзім
Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Журналистер вице-министр Алма Мұқановадан күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін екенін сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айта кетері, Конституцияның қолданыстағы нормасына сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды. 1 қыркүйекте ел халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімді 7 жылға дейін ұзартуды және бір мерзімге ғана сайлауды ұсынды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері вице-министрден Тоқаев қандай мерзімге барады деп сұрады.
"Тиісті заң жобасы парламентке қыркүйекте енгізіліп, қазан айында қабылданды делік. Ал сайлау қарашаға белгіленсе, Конституцияға өзгерістер енгізетін заңда жаңа норма қол қойған күннен бастап күшіне енеді делінсе, онда жаңа сайланған президент Конституцияның жаңа баптарын басшылыққа алады. Яғни жеті жылға және бір мерзімге сайланады", - деп түсіндірді Мұқанова.
Еске салсақ, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.