Смайылов Атырау және Маңғыстау облыстарын сумен жабдықтауды тапсырды

© Photo : Пресс-служба правительства РКПремьер-министр Атырау облысы бойынша кеңес өткізді
Премьер-министр Атырау облысы бойынша кеңес өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Атырау облысына жұмыс сапары аясында кешенді әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы Атырау және Маңғыстау облыстарын Көкжиде жерасты тұщы су қорынан сумен жабдықтау жобасын іске асыруға техникалық құжаттама дайындауды жеделдетуді тапсырды.
Смайылов биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,2%-ға, ал құрылыс саласы 15%-ға өскенін мәлімдеді.
Үкімет басшысы азық-түлік тапшылығы мен оның бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Бұл бағытта әкімдік сауда желілерімен жұмыс істеу кезінде "айналым схемасын" белсенді түрде қолданып, басқа өңірлерден ерте пісетін көкөністерді жеткізуге тікелей шарттар жасасуы қажет.
Үкімет басшысының айтуынша, облыс әкімдігінің тағы бір басты міндеті – өңірлік экономиканы әртараптандыру. Мәселен, 2024 жылға дейін 406 млрд теңгеге 260 жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 2,7 трлн теңгеге тағы 114 жоба әзірленіп жатыр.
Кеңес қорытындысы бойынша үкімет басшысы тағы да бірқатар тапсырма берді:
Атырау қаласының оң жағалауындағы кәріздік желілерді реконструкциялау жобасын түзетуді жеделдету;
"Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы" автожолын реконструкциялау жөніндегі жұмысты жеделдету;
өңірде жол жөндеу жұмыстарына битум мен басқа да материалдарды қажетті көлемде жеткізу мәселесін пысықтау;
балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру, үш ауысыммен оқытатын мектептерді азайту және мектептерде жаңа орындар құру бойынша жұмысты жандандыру;
Атырауда жаңа онкологиялық диспансер құру мәселесін қарау және Атырау облыстық перинаталдық орталығына күрделі жөндеу жүргізу және оны толық жарақтандыру мәселесін пысықтау;
ТШО-ның өндірістік объектілерінен босатылатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдау.
Жаңалықтар
0