Экономика

"Сбербанк Қазақстанға" ребрендинг жасалады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады.
Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаудан өтті.
"Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жандандыруға, депозит тартуға және төлем жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта "Сбербанк Қазақстанға" ребрендинг жүргізіледі", - деп хабарлайды "Бәйтерек" холдингі.
Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемені орындайды, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалады.
"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. "Сбербанк Қазақстанның" заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Бәйтерек" холдингі Сбербанк Қазақстанды сатып алатыны хабарланған еді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Экономика
"Бәйтерек" холдингі Қазақстандағы Сбербанкті сатып алады
Жаңалықтар
0