Репортажды қалай қызықты ету керек - SputnikPro шеберлік сабағы өтеді

© Sputnik КазахстанВидеомост о подготовке Евразийского экономического форума в Бишкеке
Видеомост о подготовке Евразийского экономического форума в Бишкеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
SputnikPro қазақстандық журналистерді, журналистика факультетінің студенттерін оффлайн режиміндегі шеберлік сағатына шақырады
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек - Sputnik. Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы SputnikPro білім беру жобасының шеберлік сабақтар топтамасын жалғастырады.
Жұма, 9 қыркүйек, сағат 14:00-де Нұр-Сұлтандағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында "Жаңалықтар репортажын қалай қызықты ету керек. Кейіпкер хикаясы" тақырыбында SputnikPro модулі өтеді. Шеберлік сабағын "Россия сегодня" медиа тобының атқарушы директоры Кирилл Вышинский өткізеді.
Шараға журналистер, мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ мамандары қатыса алады.
Қабылдау тегін, алдын ала аккредитациядан өту керек!
Аккредиттеу және SputnikPro шеберлік сыныбы туралы ақпарат алу үшін байланыстар:
Динара Досмұхаметова (Sputnik Қазақстан бас редакторы),
Тел.: +7 (7172) 47 26 73, +7 775 9993939, +7 747 2207401 немесе d.dosmukhametova@sputniknews.com поштасы.

SputnikPro жобасы туралы

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпараттық агенттігі және радиосының журналистерге, бейіндік ЖОО студенттеріне, баспасөз қызметі мамандары мен медиаменеджерлерге арналған және шетелдік әріптестермен кәсіби байланысты дамыту және тәжірибе алмасуға бағытталған жобасы. Жоба модулінің жетекшілері қатарында Sputnik медиаменеджерлері мен басқа да танымал сарапшылар бар.
Жаңалықтар
0