Қоғам

Омбудсменге парламент пен түрмелерге еш кедергісіз бару құқығы беріледі

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
Құжатта уәкілдің құзыреттілігін күшейту және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру ережелері көзделген
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілге парламент палаталарының кез келген отырыстарына қатысу және түрмелерге кедергісіз бару құқығы беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр Алма Мұқанова мәжілісте "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң жобасын таныстырды.
Құжатта уәкілдің құзыреттілігін күшейту және оның қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру ережелері көзделген.
"Уәкілге парламент палаталарының кез келген, ашық та, жабық та, бірлескен және бөлек отырыстарына қатысу және сөз сөйлеу құқығын беру ұсынылады. Сондай-ақ уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі", - деді Мұқанова.
Сонымен қатар, уәкіл азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.
Бұған қоса, уәкілге олардың шақыруымен басқа мемлекеттерде адам құқығы мен бостандығының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ету құқығын беру ұсынылып отыр. Сондай-ақ заң жобасында адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасары лауазымын енгізу, сондай-ақ Ұлттық орталық уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырып қана қоймай, уәкілдің өз өкілеттіктерін іске асыруына жәрдем көрсететінін нақтылау ұсынылады.
"Конституциялық заң жобасын қабылдау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі, оған Республика Конституциясымен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру үшін құқықтық негіздер жасайды деп пайымдаймыз. Бұл сайып келгенде адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге ықпал етеді", - деп түсіндірді вице-министр.
Жалпы Конституциялық заң жобасы 6 тараудан және 23 баптан тұрады. А
йта кетері, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы қолданыстағы заң былтыр желтоқсанда қабылданған болатын.
Заңда уәкілдің қызметі туралы негізгі ережелер бекітілген. Осыған байланысты мәжіліске енгізілген Уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы қолданыстағы ережелер негізінде нақты толықтырулармен және заңның құрылымын қайта қарау негізінде әзірленді.
Жаңалықтар
0