https://sputnik.kz/20220902/nur-sultanda-politsey-24-qabattan-sekirmek-bolgan-ayeldi-olimnen-qutqardy--video-27227885.html
Нұр-Сұлтанда полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді өлімнен құтқарды – видео
Нұр-Сұлтанда полицей 24-қабаттан секірмек болған әйелді өлімнен құтқарды – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда учаскелік полицей 24-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалды. 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T16:27+0500
2022-09-02T16:27+0500
2023-08-09T12:22+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27226129_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_12bc0faec37acbbb4622822e3758c14c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда учаскелік полицей 24-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалды.Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" жедел желісіне Уәлиханов көшесінің бойында әйел адамның 24-қабаттан секіруге оқталып жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік көлік жіберілді.Бұл уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болған. Оқиға туралы естіген бойда көрсетілген үйге жүгіріп жетіп, әлгі әйел аяғын салбыратып отырғанын және қауіпті қадам жасауына санаулы минут қалғанын көрген. Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттағы кішкене терезе арқылы карнизге қарай өткен.Ол әйелге байқатпай жақындап келіп, оны қапсыра қатты құшақтап, ұстап тұрған. Ал әлгі әйел қатты жылап, қолдан шығып кетуге тырысқан. Полицей оны әңгімеге тартып, жұбатқан. Осы уақытта басқа подъезден құтқарушылар жеткен. Олар бірлесіп әйелді терезе арқылы қауіпсіз жерге кіргізген. Төменгі қабатта оны дәрігерлер күтіп тұрып, оған психологиялық көмек көрсетті.27 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/02/27226129_350:0:3081:2048_1920x0_80_0_0_259fb4d99a73640b9d1209a859e16ef4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда учаскелік полицей 24-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалды.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" жедел желісіне Уәлиханов көшесінің бойында әйел адамның 24-қабаттан секіруге оқталып жатқаны туралы куәгерлер хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік көлік жіберілді.
Бұл уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болған. Оқиға туралы естіген бойда көрсетілген үйге жүгіріп жетіп, әлгі әйел аяғын салбыратып отырғанын және қауіпті қадам жасауына санаулы минут қалғанын көрген. Қуаныш Мирзаев жоғарғы қабатқа көтеріліп, техникалық қабаттағы кішкене терезе арқылы карнизге қарай өткен.
Ол әйелге байқатпай жақындап келіп, оны қапсыра қатты құшақтап, ұстап тұрған. Ал әлгі әйел қатты жылап, қолдан шығып кетуге тырысқан. Полицей оны әңгімеге тартып, жұбатқан. Осы уақытта басқа подъезден құтқарушылар жеткен. Олар бірлесіп әйелді терезе арқылы қауіпсіз жерге кіргізген. Төменгі қабатта оны дәрігерлер күтіп тұрып, оған психологиялық көмек көрсетті.
27 жастағы әйелдің өз-өзіне қол жұмсауына не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.