https://sputnik.kz/20220902/nur-sultan-damkhanasynda-gashish-satylgan-27239856.html
Нұр-Сұлтан дәмханасында гашиш сатылған
Нұр-Сұлтан дәмханасында гашиш сатылған
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Елорда дәмханаларының бірінде гашиш "ыстық бәліш" кодтық сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлады Polisia.kz. 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T19:38+0500
2022-09-02T19:38+0500
2022-09-02T19:38+0500
есірткі
дәмхана
https://sputnik.kz/img/old/815/15/8151530_0:195:2945:1852_1920x0_80_0_0_09c65fe8a3ac4482fd6762cd1d62df17.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Елорда дәмханаларының бірінде гашиш "ыстық бәліш" кодтық сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлады Polisia.kz.Полицияның мәліметінше, арнайы операция барысында елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сату каналы жойылды.Үй тағамдары әзірленетін дәмхананың 52 жастағы иесі үшін ұсталды. Ол өз кафесінде "ыстық бәліштер" деген кодпен есірткі затын сатқан. Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған "гашиш" салынған 56 қағаз орамасы табылды. Сол жерден 2,5 млн теңге сомасында ақшалай қаражат табылды.Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмнан асады.Күдікті әйел өз кінәсін мойындады.Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/815/15/8151530_108:0:2837:2047_1920x0_80_0_0_bd7a7cfb5460e5e6c5b80bbffbef6baa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, дәмхана
Нұр-Сұлтан дәмханасында гашиш сатылған
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Елорда дәмханаларының бірінде гашиш "ыстық бәліш" кодтық сөзімен бүркемеленіп сатылған, деп хабарлады
Polisia.kz. Полицияның мәліметінше, арнайы операция барысында елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі сату каналы жойылды.
Үй тағамдары әзірленетін дәмхананың 52 жастағы иесі үшін ұсталды. Ол өз кафесінде "ыстық бәліштер" деген кодпен есірткі затын сатқан. Әйел тұратын ғимарат пен кафені тінту кезінде сатуға дайындалған "гашиш" салынған 56 қағаз орамасы табылды. Сол жерден 2,5 млн теңге сомасында ақшалай қаражат табылды.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтың айтуынша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 килограмнан асады.
Күдікті әйел өз кінәсін мойындады.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.