https://sputnik.kz/20220902/nazarbaev-prezident-saylauy-27223417.html
Назарбаев күзде өтетін президент сайлауына қатыса ала ма – вице-министр жауабы
Назарбаев күзде өтетін президент сайлауына қатыса ала ма – вице-министр жауабы
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайды. Бұл туралы вице-министр Алма... 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T13:46+0500
2022-09-02T13:46+0500
2022-10-27T10:09+0500
президент сайлауы
назарбаев
президент сайлауы - 2022
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15643631_0:0:2950:1660_1920x0_80_0_0_6cde708f9c7f97e5412f7b60c74a3e92.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайды. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Конституцияның қазіргі нормасына сәйкес, президент қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Бірақ тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға түсуге ешқандай шектеу қойылмаған болатын. Алайда осы жазда өткен референдумның нәтижесі бойынша Назарбаев мұндай құқықтан айырылды. Яғни Назарбаев биыл күзге жоспарланған кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайды. Еске салсақ, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын. Сонымен қатар Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, яғни қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15643631_290:0:2791:1876_1920x0_80_0_0_b0af2125349a284bb2aced43c5396796.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы, назарбаев
президент сайлауы, назарбаев
Назарбаев күзде өтетін президент сайлауына қатыса ала ма – вице-министр жауабы
13:46 02.09.2022 (жаңартылды: 10:09 27.10.2022) НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайды. Бұл туралы вице-министр Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конституцияның қазіргі нормасына сәйкес, президент қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды. Бірақ тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлауға түсуге ешқандай шектеу қойылмаған болатын. Алайда осы жазда өткен референдумның нәтижесі бойынша Назарбаев мұндай құқықтан айырылды.
"Республикалық референдумда қабылданған түзетулерге сәйкес, Конституциядан "президенттікке қатарынан екі реттен артық сайлануға болмайды деген талап тұңғыш президентке қатысты қолданылмайды деген норма алынып тасталды", - деп түсіндірді Мұқанова мәжіліс кулуарында.
Яғни Назарбаев биыл күзге жоспарланған кезектен тыс президент сайлауына қатыса алмайды.
Еске салсақ, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы саяси додаға қатысуға дайын.
Сонымен қатар Тоқаев президент мандатының ұзақтығын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, яғни қайта сайлануға тыйым салынуды ұсынды.