Саясат

Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды

© Photo : Международная Тюркская академияДархан Қыдырәлі
Дархан Қыдырәлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2022
Жазылу
Экс-министр Асқар Омаров Орталық коммуникациялар қызметін басқарады
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Омаровты ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатып, оның орнына Дархан Қыдырәліні тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлықта.
Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды. Енді ол президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарады.
Дархан Қыдырәлі 2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті болды. 2016 жылдан "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Ал Асқар Омаров ақпарат министрлігін биыл 11 қаңтарда басқарған еді.
Жаңалықтар
0