https://sputnik.kz/20220902/bas-prokuratura-qantar-oqigasy-27214328.html
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер... 02.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-02T10:21+0500
2022-09-02T10:21+0500
2023-08-11T11:32+0500
қаңтар оқиғасы
қаңтар
прокуратура
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_0:61:1313:800_1920x0_80_0_0_dc124e9091071c073d0e9146bd5f4285.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, мыңнан астам іс тергеліп, мыңға тарта адам сотталған. "Осы статистиканы назарға алу керек. Әзірге қанша адамға амнистия жарияланатынын айтуға дайын емеспін. Экстремистердің жалпы саны есімде жоқ, өйткені іс өте көп", - деді бас прокурордың орынбасары. Ол рақымшылыққа ілігетін адамдардың саны кейін хабарланатынын жеткізді. "Біз тергеу кезінде де ізгілік таныттық. Естеріңізде болса, президент қаңтар оқиғасынан кейін жеңіл қылмысқа барғандарды бас бостандығынан айырмауды тапсырған еді. Қателеспесем, 983 адам сотталды, оның ішінде 100-ден астамы нақты жазаға кесілсе, қалғандары шартты түрде және бас бостандығы шектелді", - деді Шындалиев. Ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар саны өзгермегенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20220901/qantar-oqigasyna-qatysushylarga-bir-rettik-raqymshylyq-zhariyalaymyn---toqaev-27185566.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_123:0:1190:800_1920x0_80_0_0_4f50c07f8a3d4e6fa8f6d44607eeca2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, прокуратура
Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр
10:21 02.09.2022 (жаңартылды: 11:32 11.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Әзірге нақты санын айта алмаймын. Өйткені қазір пысықтап жатырмыз. Президент тапсырма берді, енді қарастыру керек. Экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, мыңнан астам іс тергеліп, мыңға тарта адам сотталған.
"Осы статистиканы назарға алу керек. Әзірге қанша адамға амнистия жарияланатынын айтуға дайын емеспін. Экстремистердің жалпы саны есімде жоқ, өйткені іс өте көп", - деді бас прокурордың орынбасары.
Ол рақымшылыққа ілігетін адамдардың саны кейін хабарланатынын жеткізді.
"Біз тергеу кезінде де ізгілік таныттық. Естеріңізде болса, президент қаңтар оқиғасынан кейін жеңіл қылмысқа барғандарды бас бостандығынан айырмауды тапсырған еді. Қателеспесем, 983 адам сотталды, оның ішінде 100-ден астамы нақты жазаға кесілсе, қалғандары шартты түрде және бас бостандығы шектелді", - деді Шындалиев.
Ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар саны өзгермегенін атап өтті.